USD
USD
USD

Пневмониямен ауыратындар саны 5 есе азайды

Пневмониямен ауыратындар саны 5 есе азайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Пневмониямен ауыратындар саны 5 есе азайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қабылданған карантин шаралары мен ауруханалардағы амбулаториялық емдеудің нәтижесінде, елордада науқасқа шалдыққандар мен жедел жәрдем шақыру санының төмендеу тенденциясы байқалады.

Қалада 11 254 індет жұқтыру жағдайы тіркелсе, олардың 74,1%-ы – 8 340 адам сауығып шыққан.

«Денсаулық сақтау ұйымдары мен дәрігерлерге түсетін жүктеменің айтарлықтай төмендеуі байқалды. Жедел жәрдемге қоңыраулар саны күніне 4300-ден 1500-ге дейін, яғни 3 есе азайды. Сонымен бірге жедел жәрдемге КВИ бойынша түсетін шақыру саны 500-ден 51-ге дейін, яғни 10 есе азайды. Пневмониямен ауыратындар саны 5 есе азайды. Қаладағы коронавирус індетінің азаю динамикасын сақтап қалу үшін, санитария нормаларын қатаң сақтау қажет», – деді қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Тимур Мұратов.

28 шілдеде психикалық денсаулық орталығының базасында орналасқан қаладағы алғашқы жұқпалы аурулар стационары жабылды.

1 тамызда ҚР Қорғаныс министрлігінің бас клиникалық ауруханасы базасында 100 орындық провизорлық стационар және «Рамада Плаза» қонақүй кешені базасындағы жұқпалы аурулар стационары жабылды.

Бір апта ішінде үш аурухана жоспарлы медициналық көмек көрсете бастады: №1, № 2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы және №2 көпбейінді аурухана.

Сонымен бірге, денсаулық сақтау басқармасы басшысының айтуынша, инфекциялық және провизорлық ауруханалар, қажет болған жағдайда, жеткілікті орындармен ашылуға дайын болады. Резервте қосымша нысандар қарастырылған.

Қазір оқып жатыр

Көмір өндірісін жаңғырту: Qarmet шахталарында қандай өзгерістер бар?

Көмір департаменті, Qarmet

Каспийдегі қайғылы жағдай: Қорғаныс министрлігі екі матросқа қатысты мәлімдеме жасады

Әскери қызметшілер теңіз суына батып кетті

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кетті

Александр Вучич

Қазақстан құрамасы Азиада-2026 ойындарында бір алтыннан айырылды

Ясмина Тоқсанбаева