Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Пневмониямен әйелдер көп ауырып жатыр

Алматыда пневмония ауруымен көбінесе әйелдер ауырған. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Камалжан Надыров айтты. 

Пневмониямен әйелдер көп ауырып жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, қала стационарларында жыл басынан бері 6175 пациент емделіп шықты.

«Блокпостарды алып тастағаннан кейін ауырғандар саны саны өсті. Бүгінгі күні жағдай тұрақталып келеді. Егер маусымда пневмониямен емдеуге жатқызылғандардың саны тәулігіне 300 адамға дейін жеткен болса,онда қазір емдеуге жатқызулар саны 2 есеге төмендеді және тәулігіне 133 адамнан аспайды», – деді Камалжан Надыров.

Сондай-ақ, амбулаториялық деңгейде жағдайдың тұрақталғаны байқалады, ағымдағы айда өкпе қабынуы бар пациенттер саны 2 есеге төмендеп 1000-нан 480-ге дейін азайды.

«Статистика көрсеткендей, пневмониямен ауыратындардың жалпы санының 60% әйелдер. Сондай-ақ, жедел жәрдем қоңырауларының азайғаны байқалады. Егер аурушаңдық шыңында (маусымның соңы – шілденің басы) шақырулар саны 3000-ға дейін жеткен болса, бүгінгі күні бұл көрсеткіш 1800 жағдайдан аспайды», – деп толықтырды ол.

Қазір оқып жатыр

Тойда уағыз айтып, басы дауға қалған ақсақалдың қызы Тоқаевқа үндеу жасады

қылмыстық іс

«Ресейден жеткізілген»: Алматыда жалған көлік нөмірлерін сатқан тұрғын ұсталды

жалған нөмірлер

ЕҮАК отырысында электрондық сауда туралы келісімге қол қойылды

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы

Алматыдағы «Байсат» базары аукционда 24,7 млрд теңгеге сатылды

Байсат