Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Пневмониядан көз жұмғандар саны екі есеге артты

Елімізде пневмониядан көз жұмғандар саны екі есеге артты.

Пневмониядан көз жұмғандар саны екі есеге артты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді. Оның айтуынша, былтыр тамыз айында елімізде 77 мыңға жуық науқасқа пневмония диагнозы қойылған. Ал, биыл олардың саны 256 мыңнан асты. Өткен жылы 2033 адам көз жұмса, биыл пневмониядан 4042 отандасымыз қаза тапқан екен. Осы ретте 1 тамыздан бастап Қазақстанда COVID-19 бен коронавирустық пневмония деректері қатар жүргізілетін болды. Қазіргі жағдай бойынша елімізде қауіпті індет жұқтырғандар саны 92662-ге жетті. 1058 науқас қаза тапты. Ал, коронавирустық пневмония 5614 адамнан анықталған. «Осыған қарамастан, министр елдегі жағдай тұрақталып келеді», - дейді. Алдыңғы айлармен салыстырғанда ахуал біршама жақсарған.

«Қиын кезең артта қалды деп айтсақ артық болмас. Қазіргі уақытта жағдай тұрақталып келеді. Қазақстанда жалпы наурыз айынан бері 92 662 адамнан індет анықталды. Оның ішінде 30 мыңға жуық адам емделуде. Өкінішке қарай 1058 адам қайтыс болды. Бүгінде коронавирус жұқтырғандар саны едәуір азайып келеді. Мысалы бір тәулікте COVID-ке шалдығу деңгейі 1400 адамды құрап отыр. Ауруханаларда дәрі-дәрмек те жеткілікті», - деді Цой.

Қазір елде індет жұқтырғандарға арналған 52 мыңға жуық төсек-орны бар. Денсаулық сақтау министирлігі олардың санын әлі көбейтпек. Өйткені күзгі уақытта кесел қайта өршуі бек мүмкін. Жасанды тыныс алдыру аппараттары да алынып жатыр. Дәрі-дәрмек қоры жасақталуда. Сондықтан сала басшысы «күзгі уақыттан сүрінбей өтеміз деген үміт бар» деді.

Қазір оқып жатыр

Мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі жарияланды: 75 мыңнан астам талапкер тегін білім алады

мемлекеттік білім гранты

Ұлттық валютаны инфляция қарқынының баяулауы қолдап отыр – сарапшылар

теңге бағамы

Фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты іс сотқа жолданды

Ұлдана Мырзуан

Абай облысы аумағындағы орманды өрттен қорғауға 3 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

Семей орманы