USD
USD
USD

Пластмассаны жоятын бактериялар ойлап тапты

Ғалымдар пластмассаны жоятын бактериялар ойлап тапты.

Пластмассаны жоятын бактериялар ойлап тапты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Тың жаңалықты жергілікті екі жас ғалым ашты. Олардың осы микроағзалардан жасаған сұйықтығы кез келген пластмассаны бірнеше аптада ыдыратып жібере алады, деп хабарлайды. Оның жойылу процессін күз кезінде жапырақтың жерге түсіп шіруімен салыстыруға болады дейді мамандар. Пластмасса екі аптада іріп ұсақталса, 7 апта ішінде толықтай жойылып бітеді екен. Ғалымдар өз жаңалығы өнеркәсіптік жолға қойылса, әлемдегі пластмасса қоқыстарды азайтуға септігін тигізер еді деп отыр.

Ғалым Лиз Мадарас: " Пластамасса қоқыстар – әлем бойынша ең өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан биотехнология мен химиялық инженерия арқылы осы проблеманы шешуге бел будық. Мақсатымыз – пластамассаны өзінің бастапқы табиғи қалпына келтіру жолдарын табу болған еді", - деді.

Бұл мәселе қазір ешкімді бей-жай қалдырып жатқан жоқ. «Jasyl Arystan» елімізде осы мәселені көтеріп жүр. Экологтар ел үкіметіне және Экология министрлігіне Қазақстанда тұрмыстық пластика қалдықтарын қайта өңдеу туралы алғашқы заңды әзірлеу және қабылдау туралы қаулы да жіберді. Олар зиянды пластиктерді ұқсас материалдармен алмастырып, қалдықтарды бөлек жинау жүйесін заңнамалық деңгейде реттеу керек деп есептейді.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Мұнай

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

.

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

Дамир Ташкараев

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?

.