USD
USD
USD

Пластикке қарсы күрес: Қазақстандықтарды эко-идеялармен бөлісуге шақырады

Пластикті тұтынбау, эко-бастамаларды қолдау, пластикалық қалдықтармен күрес бойынша халықаралық тәжірибені зерттеу. Еліміздегі жаңа ауқымды эко-жоба осындай мақсаттарды көздейді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен сараптамалық брифингте «Jasyl Arystan» ЖҚ басқарма төрайымы Гүлнар Ережепова хабарлады.

Пластикке қарсы күрес: Қазақстандықтарды эко-идеялармен бөлісуге шақырады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазірдің өзінде халықаралық ұйымдармен «пластикалық індеттің» алдын алу үшін мемлекеттік деңгейде шаралар жүйесін енгізу қажет екендігін түсіндіру үшін диалог орнатылды. Сондай-ақ, эко-роликтер әзірлеп, түрлі медиа алаңдарда трансляциялау жоспарланып отыр. Сондай-ақ, қоқысты қарапайым сұрыптау бойынша шеберлік сыныптары ұйымдастырылады.

«Қазақстан халқы арасында идеялар ұсыну бойынша 2 айлық Хакатон өткізу де жоспарда бар. Ең үздік эко-бастамалар бейіндік ұйымдардың қолдауын табады және оны мүдделі тұлғалар, меценаттар іске асырады деп ойлаймыз. Бұл елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті және эко-индустрияны одан әрі дамытуға әсер етеді. Осылайша, жобаны екіге бөлуге болады: ағартушылық және инфрақұрылымдық», - деп атап өтті Қор басшысы.

Қазір оқып жатыр

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

.

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

.

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

.

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

.