USD
USD
USD

Пирамида құру фактісі бойынша «Sincere Systems» ЖШС басшылығына қатысты сот үкімі шықты

Астана қаласында қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және басқару фактісі бойынша «Sincere Systems» ЖШС басшылығына қатысты сот үкімі шығарылды. 

Пирамида құру фактісі бойынша «Sincere Systems» ЖШС басшылығына қатысты сот үкімі шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Аталған ЖШС 2020 жылдан бері жұмыс істеп келеді және криптовалюта биржаларымен ынтымақтасатын компанияның атын жамылып, азаматтардан қаражат жинап келді. 

Салымшылардың санын көбейту үшін ойдан шығарылған жобаларға инвестиция салу мүмкіндігі қарастырылды. 

Клиентті инвестицияның қауіпсіз екендігіне сендіру үшін ID беру арқылы клиенттің жеке кабинеті тіркелген, салымға тең виртуалды қаражатпен толықтыру мүмкіндігі бар веб-сайт құрылды. 

Азаматтардан жиналған қаражат көлемі 215 млн теңгені құрады. 

Сот үкімімен «Sincere Systems» ЖШС басшысы 5 жылға инвестициялық қызметпен айналысуға тыйым салынып, 6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. 

Қазір оқып жатыр

Ақмола облысында істің қаралуын созбалаңға салған әкім 43 мың теңге төлейтін болды

ақша

Вячеслав Ким Alatau City-де көпфункционалды хабты іске қосты

Вячеслав Ким

Тоқаев Орта дәліз арқылы Кореядан Еуропаға өтетін көлік бағытын дамытуды ұсынды

Бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті

Актер Нұрсұлтан Жақсыген 2 жыл 3 айға сотталды

Нұрсұлтан Жақсыген