USD
USD
USD

«Pinduoduo» сайтынан тауар алдыртамын деп 4 азаматты алдаған ақтөбелік қолға түсті

Полиция танымал сауда қосымшасының атын пайдаланып, азаматтарды алдаған алаяқты ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Ақтөбе облысының тұрғыны Instagram қосымшасында түрлі тауарларды сату және жеткізу бойынша “turkey_pinduoduo” деген атпен парақша ашып, бірнеше азаматты алдаған.

Оның айла-амалдарына үй тауарларын тиімді бағамен сатып алғысы келген 4 қазақстандық тап болды. Мысалы шаңсорғыш сатып алғысы келген Өскемен қаласының тұрғыны күдіктімен хат алмасып, оған 70 мың теңге аударған. Алайда тауарды ала алмаған.

Полиция осы қылмысты жасады деген күдікпен 35 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер