USD
USD
USD

Пілдері қырылудан жасанды интеллект аман алып қалмақ

Африка пілдерін қырылудан аман сақтау үшін жасанды интеллект іске қосылады.

Пілдері қырылудан жасанды интеллект аман алып қалмақ
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ұлыбритания және Нидерланды елдерінің зерттеушілер тобы жануарлар мен жайылымдарды іздеудің арнайы алгоритмін құрды, деп хабарлайды Euronews.

Арнайы бағдарлама жергілікті жердің спутниктен түсірілген суреттерді талдап, пілдердің тіршілігі үшін ең қолайлы аумақтарды анықтайды. Бұдан басқа, ол жануарларды санауға көмектеседі. Үлкен аумақтардың суреттері қысқа уақыт аралығында жасалатындықтан, бұл жануарларды екі рет санау қаупін азайтады.

Бұдан басқа, бұл технология адамдарды қауіптен аман сақтап, жануарларды көп мазаламауға мүмкіндік беріп отыр, деп баяндады алгоритмді құрушылар. Бата университетінің қызметкері Ольга Исупованың айтуынша, жаңа әдіс заңсыз аң аулауды қадағалауға көмектесуі тиіс.

«Жануарлар есебі – табиғатты қорғау проблемалары, соның ішінде браконьерлікпен күрес жүргізудің әдістерінің маңызды құрамдасы. Қазіргі кезде біз браконьер оқиғаларын тіркеу үшін өлтірілген жануарлардың қалдықтарын анықтау сияқты қосымша мүмкіндіктерді зерттеп отырмыз, бірақ бұл жоба әлі бастапқы кезеңде тұр», - деді ол.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер