USD
USD
USD

Пикассоның тоғыз жыл бұрын ұрланған картинасы табылды

 Грекия полициясы осыдан 9 жыл бұрын ұлттық галереядан ұрланған Пабло Пикассоның  картинасын тапты.

Пикассоның тоғыз жыл бұрын ұрланған картинасы табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Тәртіп сақшылары оны Кератея қаласынан анықтаған. БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, күдікті де қолға түсіпті. Айта кетейік, «Әйелдің басы» деп аталатын туындыны испан суретшісі сонау 1939 жылы салған. Он жыл өте атақты қылқалам шебері оны «Грек халқының Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі фашистік басқыншылыққа батыл қарсылығы үшін» Афины мұражайына сыйға тартады. Алайда 2012 жылы аталған картина тағы екі құнды экспонатпен бірге ұрланады. Сөйтіп бұл қылмыс «ғасыр ұрлығы» деген атпен белгілі болды.

Қазір оқып жатыр

Түркістан облысында мектеп қызметкерлерінің жөндеу жұмысына тартылғаны дау тудырды

.

Әл-Фарабидегі жол апаты: прокурор жүргізушіге қандай жаза сұрады?

апат

Түркістан облысы егіздер мен үшемдер саны бойынша көш бастады

егіздер

Машинист темір жолда жалғыз жүрген бес жасар баланы аман алып қалды

пойыз