USD
USD
USD

Pierre Cardin, Federico Barrazzo моделі Ұлттық ұланда әскери борышын өтеп жүр

Францияның әйгілі Pierre Cardin сән үйі мен Италияның Federico Barrazzo және Sauvage Multi брендтерінің моделі болған Шыңғыс Таңатпаев бүгінде Қарағандыдағы 5451 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеп жүр.

Шыңғыс Таңатпаев
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Ұлттық ұланның баспасөз қызметінің хабарлауынша, сарбаз қазіргі уақытта Қарағанды қаласының қоғамдық қауіпсіздігін сақтауға үлес қосып жүр. Оның күн сайынғы әскери міндетіне бұқаралық іс-шаралар кезінде және адам көп шоғырланған орындарда қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалау кіреді.

Қызмет барысында тұрғындармен тікелей байланысып, түрлі жағдайларда көмек көрсетуге де атсалысады. Ата-анасынан адасып қалған балаларды тауып, оларды жақындарына табыстауға, сондай-ақ тұрғындардың жоғалтып алған бағалы заттарын қайтаруға көмектескен кездері де болған.

Шыңғыс Таңатпаев
gov.kz

Шыңғыс модельдік мансабын 17 жасында бастаған. Бойы мен келісті келбеті оны сән индустриясына жетелеп, халықаралық подиумдарға шығарған. 

Ал бүгінде ол әскерге келіп, подиумдағы нық қадамы саптағы әскери жүріске ауысқан. Ол әскерде модельдік өнер мен әскери қызметке ортақ қасиет– тәртіп пен жинақылықтың үлгісін көрсетіп жүр. 

Қазір оқып жатыр

Бауыржан Байбектің сағаттарын ұрлады деген күдікпен 31 жастағы ер адам ұсталды

.

Ерлан Қарин вице-президент ретінде немен айналысады

Конституция жобасын талқылау

Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратын басқарады

.

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер