USD
USD
USD

Pfizer және Biotech компаниялары «Омикрон» штамымен күресетін вакцина шығаруы мүмкін

Вакцина шығаратын бірнеше фармацевтикалық корпорация «Омикронды» зерттеуге кіріскендерін және қажет болған жағдайда өз препараттарын түрлендіруге дайын екенін мәлімдеді.

Pfizer және Biotech компаниялары «Омикрон» штамымен күресетін вакцина шығаруы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Pfizer және Biotech компаниялары жаңа штамм олардың вакциналарына төзімді болса, олар «шамамен 100 күн ішінде осы нұсқаға қарсы арнайы бейімделген вакцина жасауға және шығаруға» дайын екенін айтты.

«Спутник V» жасап шығарған Гамалей атындағы Мәскеу орталығының басшысы Александр Гинцбург Интерфаксқа ресейлік ғалымдар вакциналарын жаңа нұсқаға бейімдеуге дайын екенін айтты. Оның айтуынша, алдымен орталық осы мутация үшін бұрыннан бар препараттың тиімділігін тексереді.

«Ондай модификация жасауға болады. Вакцинаны түлендіру тез болады, бірақ оның қажет екенін вирусты бейтараптандыру қабілетін анықтағаннан кейін біле аламыз», - деді ол.

Сондай-ақ, Гинцбург Гамалей атындағы орталық «Дельта» нұсқасы шыққаннан кейін «Спутник V» вакцинасын түрлендірмегенін еске салды. Себебі, екпе «83-85-90%-ға» тиімді болып шықты.

Тағы бір вакцина өндіруші - Мoderna фирмасы былай деді: «2021 жылдың басынан бастап Moderna-ның жаңа штаммдарға бағытталған мұқият ойластырылған стратегиясы бар. 

Қазір оқып жатыр

Непалдағы су тасқынынан кейін үш қазақстандық турист табылмай жатыр

су тасқыны

Тоқаев ядролық державаларды келіссөзге шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Temu-дың табысы төмендеп барады – сарапшылар

Temu

Ақмола облысында 20 гектардан астам аумақ өртке оранды

Ақмола облысы