USD
USD
USD

Pfizer вакцинасының алғашқы топтамасы 15 қарашада жеткізіледі

  15 қарашада Comirnaty (Pfizer) вакцинасының алғашқы топтамасы жеткізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

Pfizer вакцинасының алғашқы топтамасы 15 қарашада жеткізіледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Балалардың, жүкті және бала емізетін әйелдерді коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациямен қамтамасыз ету мақсатында 4 млн 230 мың доза вакцина сатып алынды. Бұл 2 млн 115 мың адамды қамтуға мүмкіндік береді. 12-17 жастағы балалар, жүктілік мерзімі 16-37 апталық әйелдер және бала емізетін әйелдер босанғаннан кейін 42 күннен соң вакцинациялауға жатады», - деді ол.

Министр Comirnaty (Pfizer) вакцинасын сақтау ерешелігін ескере отырып, 34 мұздатқыш сатып алынғанын және 16 өңірге жеткізілгенін айтты. «Сонымен қатар қосымша 51 мұздатқыш сатып алынды. Олар осы жылдың қараша айының соңына дейін жеткізіледі. 15 қарашаға дейін Comirnaty (Pfizer) вакцинасының 379 мың дозаны құрайтын алғашқы топтамасы жеткізіледі деп күтіледі», - деді Алексей Цой.

Қазір оқып жатыр

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе

Бірі өсті, бірі шегінді. Қазақстанның сегіз банкі НЕГЕ активінен айырылды?

bank

Шымкентте Василий Колесниковті қатыгездікпен өлтірген алты адамға үкім оқылды

сот үкімі