USD
USD
USD

Pfizer вакцинасы жүкті әйелдер мен балалар үшін қолжетімді болады

 ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда Pfizer вакцинасы жүкті әйелдер мен балалар үшін қолжетімді болатынын айтты.

Pfizer вакцинасы жүкті әйелдер мен балалар үшін қолжетімді болады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Осы орайда ол қазақстандықтарға бұл екпені күтпей, басқа вакциналарды ала беруге кеңес берді. Бұл жайында Coronavirus2020.kz Telegram-каналындағы видеода жарияланды. «Бастапқы кезеңде, қазан айында Pfizer вакцинасы тек балалар мен жүкті әйелдерге қолжетімді болады. Сондықтан бұл вакцинаның көп күтудің керегі жоқ, қазір барып екпе жасата берген жөн. Бір апта ішінде бізде тағы бір вакцина болады, оны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған. Осы орайда бұл вакцинаны да салдыру мүмкіндігі болады», - деді Алексей Цой.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Денсаулық сақтау министрі Қазақстанда коронавирустан вакцинаны қайталап егудің мерзімін атады. «Қазіргі кезде біз мерзімді пысықтап жатырмыз, себебі Қазақстанда вакциналау ақпан айынан бастап жүргізілді. Адамдардың басым бөлігі маусым-шілде кезеңінде екпе алды. Осы орайда олардың ағзасындағы антиденелер әлі де бар, оның деңгейі де жоғары. Сондықтан екінші дозаны алғаннан соң шамамен 9 айдан кейін күнтізбеге енгізіледі. Қазіргі кезде әріптестермен осы мәселені қарастырып отырмыз», - деді А. Цой.

Еске салсақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға Pfizer вакцинасын қолжетімді етуді тапсырды. Қазақстан «Pfizer» компаниясымен вакцинаны жеткізу бойынша алдын ала келісім жасады.

Қазір оқып жатыр

Оралда екі жасөспірім тоғыз қабатты үйдің шатырынан құлап, қаза тапты

Көпөабатты тұрғын үй

Келер жылдан бастап МӘМС мәртебесі жоқ азаматтар да базалық медициналық көмек ала алады

Дәрігер мен пациент

Шымкентте айналымы 3,1 млрд теңге болған онлайн-казиноларды ұйымдастырғандар сотталды

Күдіктілер

Үш жылдан кейін алғаш рет Қазақстанның сырттан түсетін кірісі шығынынан асты

экономика