USD
USD
USD

Pfizer вакцинасы балаларға ертеңнен бастап салынады

Pfizer вакцинасы балаларға, жүкті әйелдерге және бала емізетін аналарға ғана салынады. Бұл туралы Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова брифинг барысында мәлім етті.

Pfizer вакцинасы балаларға ертеңнен бастап салынады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған Pfizer вакцинасы елге жеткізілді. Бүгінгі күні емханаларға бөлу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мегаполисте Pfizer вакцинасы балаларға ертеңнен бастап салынады.

«Аталған вакцина үш категорияға бөлінген. Ол 12 – 18 жасқа дейін балаларға, жүкті әйелдерге ( 16-30 апта) және бала емізетін аналарға ғана салынады. Әзірге, халықтың басқа тобына бұл вакцина егілмейді»,- дейді Әсел Қалықова.

Сонымен қатар, ол Pfizer вакцинасының бір құтысы алты адамға арналғанын тілге тиек етті. Айта кетейк, Алматыға 46 800 доза бөлінді. Мұнда бірінші және екінші компонент бар. Вакциналау 21-28 күн аралығында жүргізіледі.

Қазір оқып жатыр

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе

Бірі өсті, бірі шегінді. Қазақстанның сегіз банкі НЕГЕ активінен айырылды?

bank