USD
USD
USD

Pfizer мен Moderna вакцинаның бағасын көтерді

  Pfizer мен Moderna фармацевтика компаниялары Еуроодақ үшін коронавирусқа қарсы вакцинаның бағасын көтерді, деп хабарлайды Euronews.

Pfizer мен Moderna вакцинаның бағасын көтерді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Британдық Financial Times газетінің хабарлауынша, енді Pfizer-дің бір дозасы 19,50 еуро тұрады, бұдан бұрын оның құны 15,50 еуро болған. Осылайша, неміс-ағылшын вакцинасы 25%-ға қымбаттаған. Осы уақытта Moderna препаратының бір дозасы 19-дан 21,50 еуроға дейін көтерілді. Өндірушілердің айтуынша, сынақтың үшінші кезеңі вакцинаның мРНҚ-сы векторлық препараттарға қарағанда тиімдірек екенін көрсеткен.

Одан бөлек, AstraZeneca мен Johnson&Johnson арзан вакциналарына қарағанда, жанама әсерлердің пайда болу қаупі төменірек болып шықты. Financial Times журналистері Еуроодақтың вакциналарды жаңа бағамен алуға келіскенін анықтады. Препараттың құнын қайта қарау бірқатар Еуропа елдерінің халыққа вакцинаның екі дозасын салдырғаннан соң жарты жыл өткеннен кейін үшінші дозаны салдыру жөнінде шешім қабылдап жақтан тұста жүргізілді.

Қазір оқып жатыр

«Сынды дұрыс қабылдаймыз»: ҚазАвтоЖол жол сапасы туралы не деді?

Нұрқат Ақылтаев, Қазавтожол

Ресейдегі қауіпті инфекция Қазақстанға таралуы мүмкін бе: ДСМ жауап берді

дәрігер

Астанада қоғамдық көлік жолақысы 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін

Автобус

Қызылорда облысында сот төрағасы мен судья 9 жылға сотталды

Бұрынғы сот төрағасы