USD
USD
USD

Pfizer Қазақстанға қашан жеткізіледі? Министр жауабы

Министрдің айтуынша, Pfizer келген бойда алдымен 12 жастан асқан балаларға және жүкті әйелдерге ұсынылады.

Pfizer Қазақстанға қашан жеткізіледі? Министр жауабы
Фото: NEGE.kz

 Алматы, NEGE. Қазақстанға Pfizer вакцинасының төрт миллион дозасы жеткізіледі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті.

«Pfizer бойынша біз негізгі келісімшартқа қол қойдық. Осы компаниямен келісімшарт рәсімдеудің өзіндік тәртібі бар. Бірнеше құжат бар. Біз соңғы құжатты рәсімдедік. Оған сәйкес, шамамен, төрт миллион доза жеткізіледі», – деді Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Министрдің айтуынша, Pfizer вакцина келген бойда оны алдымен 12 жастан асқан балаларға және жүкті әйелдерге ұсынады. Себебі екпені дәл осы топқа жататын адамдарға салуға болады. «Меніңше, қазан-қарашада жеткіземіз. Қазір растауды күтіп отырмыз. Жақын арада болады», – деп атап көрсетті Цой.

Осы орайда министр Pfizer вакцинасын сақтау тәртібіне де тоқталды. Бүгінде тоңазытқыш құралдары жеткізіліп жатыр. Оны барлық екпе пунктерінде орнатады. Себебі Pfizer-ді -80 градуста сақтау қажет.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы