USD
USD
USD

Pfizer Қазақстанда тіркелді: Вакцинаны кімдер алады?

Pfizer-BioNTech Comirnaty (Комирнати) вакцинасы Қазақстанда уақытша тіркеу куәлігін алды.

Pfizer Қазақстанда тіркелді: Вакцинаны кімдер алады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті 23 тамызда "Комирнати" вакцинасына 8 ай мерзімге уақытша тіркеу куәлігін берді.

Демек, Қазақстанда осы препаратпен ел тұрғындарын вакцинациялауға рұқсат етіледі дегенді білдіреді. 

Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі Pfizer вакцинасын бірінші кезеңде 12 жастан асқан балалар мен жүкті әйелдер ала алатындығы туралы хабарлаған болатын.

Бұл ретте балаларды вакцинациялау тек ата-аналарының немесе заңды қамқоршыларының рұқсатымен ғана жүргізілетін болады.

Ведомство вакцинация әлі басталмағанын атап өтті. Нақты мерзімдер туралы кейінірек хабарланады. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда қысқа дайындық: жылу желілерінің 65%-ы жөнделді

Жылу

ШҚО-да темір кенін заңсыз өндіріп, 1 млрд теңге табыс тапқан кәсіпкер сотталды

заңсыз кен өндіру

Kaspi.kz арқылы енді жүктілікке және босануға байланысты төлемдерді рәсімдеуге болады

Kaspi.kz

Үкімет Қазақстан экономикасының 2027–2029 жылдарға арналған болжамын таныстырды

Үкімет