USD
USD
USD

Pfizer ақылы түрде салына ма?

Алматыда Pfizer-ді ақылы түрде салу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ. Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитария дәрігері айтты. 

Pfizer ақылы түрде салына ма?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Pfizer вакцинасы бойынша Денсаулық сақтау министрлігі оны ақылы түрде жеткізу мәселесін қарастырған болатын. Ол үшін қажет келіссөздер жүргізілді. Бірақ бүгінде бұл мәселе қарастырылып жатқан жоқ. Бас мемлекеттік санитария дәрігерінің кейінгі қаулысында және біздің қаулыда да атап өттік. Яғни Pfizer-ді медицина қызметкерлері және 60 жастан асқандар ревакцинация үшін қолдана алады. Ал Pfizer-ді ақылы түрде салу мәселесі қаламызда қарастырылып жатқан жоқ», - деді спикер.

Сонымен қатар, ол қолда бар вакциналар Pfizer-ден кем емес екенін атап өтті.

« Қазір «омикрон» штамына байланысты эпидемиологиялық жағдай нашарлады. Сондықтан Pfizer екпесін күтудің қажеті жоқ. Біздегі вакцинаны алу керек. Қолда бар вакциналар Pfizer-ден кем емес»,- дейді Қарлығаш Әбдіжаббарова.

Қазір оқып жатыр

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті

100 млн теңге пара алғаны үшін бұрынғы шенеунік сотталды

Парақор шенеунік

Маңғыстаудағы сарбаздар қазасы бойынша 300-ден астам адамнан жауап алынды – Бас прокуратура

Әскерилер өлімі