USD
USD
USD

Петропавлдық полицейлер су тасқыны аймағында қалған қарт күзетшіні құтқарды

Петропавлда полицейлер су тасқыны аймағында қалған қарт күзетшіні құтқарды, деп хабарлады Polisia.kz.

Қайық
Фото: Polisia.kz

Алматы, NEGE. Речпорт аймағында күзетші болып жұмыс істейтін 64 жастағы қала тұрғыны суда қалып қойды. Дауыл ағыны оны құрлықтан алшақтатып тастағандықтан, күзет агенттігінің директоры қызметкерді эвакуациялауға үлгермей қалды. Содан кейін ол айналма жолда кезекшілік атқарып тұрған полицей Константин Сычевке жүгінген. Ол болған оқиға туралы ақпаратты Петропавл қаласы полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиевке жеткізген.

Жұмалиев дереу ПБ қызметкерлерімен және Заречный кентінің ауданындағы тәртіп сақшыларының қарамағында тұрған үш моторлы қайықтың бірімен сол жерге жетті. Қалалық ЖПҚ бөлімшесі бастығының орынбасары Жақсылық Байбосыновтың басшылығымен тәртіп сақшылары 300 келілік кемені бөгет арқылы алып өтті. Полиция қызметкерлері Азат Исаев пен Нұрлан Көкабаев күшті ағынмен жүріп өтіп, құтқаруды күтіп тұрған күзетшіні жағаға аман-есен алып-шықты.

Операция шамамен 8 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде су деңгейі кем дегенде 4 метрге дейін көтерілген.

Петропавл полициясының балансында қала әкімдігі берген 5 қайық бар. Қазіргі уақытта олардың барлығы су тасқынына қарсы іс-шараларға пайдаланылып жатыр.

Қазір оқып жатыр

12 адам қаза тапқан өрт: «Центр плова Loft» ісі бойынша тергеу аяқталды

дәмхана

Ресей МӨЗ-іне жасалған шабуылдан қазақстандық зауыттың жұмысы тоқтауы мүмкін

Конденсат

2026 салқыны. «Halyk Bank» НЕГЕ құлдырай бастады?

Halyk

Kizdar.net сайтын құрушылар 6 коммерциялық нысан мен қымбат мүліктерге иелік еткен

Kizdar.net