USD
USD
USD

Петропавлдағы Мәдениет үйінің төбесі опырылып түсті

Облыс орталығындағы 90 жылдық тарихы бар Мәдениет үйіндегі концерт залының төбесі опырылып түсті. Абырой болғанда, жапа шеккендер жоқ деп жазды turkystan.kz.

Петропавлдағы Мәдениет үйінің төбесі опырылып түсті
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. Ғимараттың апатты жағдайда тұрғаны 5 ай бұрын хабарланған болатын. Сол кезде қалалық әкімдік өкілдері жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, қаржы бөлінгеннен кейін нысан жөнделетінін айтқан еді. Алайда ешқандай жұмыс атқарылмағаны белгілі болды.

Облыстық Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының өкілдері жағдайға түсініктеме берді.

«24 ақпан күні сағат 20.10-да қалалық Мәдениет үйінде құрылымдардың тозуы нәтижесінде төбе жабынының және көрермен залының үстіндегі шатырдың тірек аркалары құлады. Жалпы 500 шаршы метр аумақ зақымданды. Зардап шеккендер жоқ», – делінген ведомство хабарламасында.

Бұл жерде шығармашылық ұжымдармен қатар, оқушыларға арналған 25 үйірме жұмыс істеп келген еді. Төбенің жағдайына байланысты 500-ден астам бала былтырғы маусым айынан бері қаладағы басқа орталықтарға баруға мәжбүр.

Айта кетсек, бай тарихы бар қалалық Мәдениет үйінің ғимараты 2012 жылы бастан-аяқ жөнделген болатын. Бірақ мердігер компания концерт залының төбесін ауыстырмаған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда электр самокаттарының тротуарлармен жүруіне тыйым салынады

Электр самокаттар

Ресей Қазақстаннан бензин жеткізу жөнінде келіссөз жүргізуде

бекет

Алматы, Шымкент, Түркістан және Ұлытау ЭКСЖ ұлттық жобасы бойынша артта қалды

.

Бозымбаев: Коммуналдық желілердің тозуын 2029 жылға дейін төмендетуіміз керек

.