USD
USD
USD

Петропавлдағы апат: «СолтҚазЭнерго» АҚ-тың Бас директоры қамауға алынды

Петропавлда қазандық цехында мұржасы опырылып түсіп, апат орын алған №2 жылу беру орталығы қарайтын «СолтҚазЭнерго» АҚ-тың Бас директоры қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Петропавлдағы апат: «СолтҚазЭнерго» АҚ-тың Бас директоры қамауға алынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «2022 жылдың 1 сәуірінде ҚР Қылмыстық процессуальдық кодекстің 128-бабы тәртібі бойынша СҚО ПД қызметкерлері «СолтҚазЭнерго» АҚ-тың Бас директоры ұсталып, Петропавл қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.

Қылмыстық істі тергеу ҚР ІІМ, прокуратура және облыстық ПД басшылығының жеке бақылауына алынды.

2022 жылы 20 наурызда сағат 19.20-да СҚО ТЖД-ға «СолтҚазЭнерго» АҚ-ға қарасты ЖЭО-2-нің қазандық цехында мұржа опырылып түсіп, апат орын алды.

Кезекші ауысымды тексеру кезінде қазандық цехындағы құрал-жабдықтарды аралап тексеруші, 1984 жылғы машинист әйелдің жоқ екені анықталды. Кейіннен оның денесі үйінді астынан табылды.

29 наурызда аталған жылу беру орталығында тағы апат орын алды.

Қазір оқып жатыр

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов