USD
USD
USD

Петропавлдағы ЖЭО-да жұмысшы биіктен құлап кетті

Петропавлдағы ЖЭО-2-де 39 жастағы жұмысшы биікте жұмыс істеп жүрген кезінде құлап, ауыр жарақаттармен ауруханаға түсті. 

жұмысшы
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Оқиға 13 маусымда өндірістік нысанда болған. Жұмысшыны шұғыл түрде қалалық көпсалалы жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізген.

Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап, дереу жансақтау бөліміне жатқызған.

Солтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ер адамға “ауыр аралас жарақат” диагнозы қойылған. Медициналық қорытындыда келесі жарақаттар тіркелген:
• Жабық бас-ми жарақаты;
• Ми соғылуы;
• Шүйде-төбе бөлігінің жыртылған жарасы;
• Сол жақтағы бірнеше қабырғаның сынуы;
• Сол жақ өкпенің соғылуы;
• Сан тұсындағы сырылған жаралар;
• Іштің тұйық жарақаты.

Қазір науқас дәрігерлердің тұрақты бақылауында. Оған қарқынды терапия жүргізіліп, емдеу толық көлемде жалғасып жатыр.

Оқиғаға қатысты тиісті органдар тексеру жүргізіп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Пойыз билеттері 30%-ға дейін арзандайды

Жолаушылар пойызы

«Бай-бағландар да, биліктегілер де келеді»: уролог ерлерге арналған операциялар туралы айтты

Decaf

ЭКСЖ: 67 жоба бойынша құрылыс жұмыстары әлі басталмаған

ЭКСЖ Жобалық кеңсесінің отырысы

«Өте жоғары жылдамдықпен жүрген»: Алматыда 54 жастағы электросамокатшы қаза тапты

Элетросамокат