USD
USD
USD

Петропавлда ЖЭО-2 үйіндісі астынан машинистің денесі табылды

ЖЭО-2-де құлаған құбыр астынан машинистің денесі табылды. Қаза тапқан адам 1984 жылы туған әйел болып шықты. Бұл ақпаратты Денсаулық сақтау басқармасы, сондай-ақ, СҚО ТЖД қызметкерлері растады.

Петропавлда ЖЭО-2 үйіндісі астынан машинистің денесі табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ""22 наурызда сағат 10.32-де құрылыс конструкциясы үйінділері астынан әйелдің жансыз денесі табылды. 00.05-те мәйіт үйінді астынан шығарылып, сот-медициналық сараптама жүргізу үшін жіберілді", - деді СҚО ТЖД баспасөз қызметі өкілі.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті өкілі екі тәуліктен аса уақыт бойы машинистті іздестіру жұмыстары жүргізілгенін айтты.

Күрделі жағдайға байланысты жұмыс істеу қиын болғаны айтылды. Құтқарушылар ауыр инженерлік техниканы қолданбаған, талдау арнайы құралдар көмегімен, қолмен жүргізілген.

СҚО ТЖД психологиялық қызмет тобы марқұмның туыстарымен жұмыс істейді.

Қазір оқып жатыр

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі

30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді

Парламент

«Van Cleef алқасын, Dior сөмкесін пара ретінде алған»: Кореяның экс-бірінші ханымы тағы 7 жыл арқалады

Ким Кон Хи

Бейбіт Құсайынов: Қазақстанда екінші орын алсаң, «бірінші орын алдым» деп есептей беруге болады

Бейбіт Құсайынов