USD
USD
USD

Петропавлда зейнеткерді скутер қағып кетті

Петропавлда кәмелетке толмаған скутер жүргізушісі жолды дұрыс емес жерден кесіп өтіп бара жатқан зейнеткерді қағып кетті, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Петропавлда зейнеткерді скутер қағып кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оқиға сәрсенбі күні 18 мамырда болған. «Егемен Қазақстан мен Қазақстан Конституциясы көшелерінің қиылысында белгіленбеген жерден жолды кесіп өтіп бара жатқан Петропавл қаласының 75 жастағы тұрғынын 16 жастағы студент тізгіндеген WorteX скутері қағып кеткен. Зейнеткер медициналық мекемеге жеткізіліп, көмек көрсетілген соң үйіне жіберілді», – деп хабарлады полицияда.

Қала тұрғынына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 615-бабы «Жаяу жүргіншілердің және басқа да жол қозғалысына қатысушылардың жол қозғалысы ережелерін бұзуы» бойынша хаттама толтырылды.

Айта кетейік, жыл басынан бері облыс орталығында жаяу жүргіншілер, велосипедшілер, гироскутер және электроскутер иелері тарапынан 2 мыңға жуық жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі тіркелген. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы

Павлодар мұнай-химия зауытындағы бензин сапасы тексерілді: не анықталды?

бензин сапасы

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді алу уақыты екі есеге қысқарады

ЖИ

Пәкістанда перзентханада өрт шығып, 15 сәби көз жұмды

Пәкістандағы өрт