USD
USD
USD

Петропавлда зауыт өртенді

Петропавлда өткен түнде электроқшаулағыш заттарын шығаратын кәсіпорында өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Петропавлда зауыт өртенді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 қарашадан 18-іне қараған түні сағат 03.00 шамасында Петропавлдағы Крепостной көшесіндегі «Изолит» ЖШС-нің бір қабатты ғимаратында өрт шықты. Кәсіпорындағы техникалық шахтада тұрған лакты мата және электроқшаулағыш материалдар шығаратын қондырғыдан ұшқын ұшқан екен.

«Өрт сөндірушілер келгенде жалын 144 шаршы метр аумаққа жайылып үлгерген екен. Ғимараттың бетон қабырғалары биік, 12 метр. Оқиға орнынан 4 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрт тек таңғы сағат 05,36 минут кеткенде толық сөндірілді», - деді департаменттің баспасөз хатшысы Евгений Журавлев.

Қазір оқып жатыр

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері