USD
USD
USD

Петропавлда үйі өртеніп кеткен 7 отбасыға уақытша баспана беріледі

Петропавлда 7 отбасының баспанасы өртеніп кетті.

Петропавлда үйі өртеніп кеткен 7 отбасыға уақытша баспана беріледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Петропавлда жеті отбасы өрттің салдарынан баспанасыз қалды. Қазір олар мектепте ашылған эвакуациялық пункте тұрып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров өрттен зардап шеккендер уақытша баспанамен қамтылатынын айтты.

«Береке» шағынауданында өрт шығып, бүлінген үйлердің тұрғындары №25 мектептегі эвакуациялық пунктіне уақытша орналасты. Олар тамақ және жатын орынмен қамтамасыз етілді.

Өрттен зардап шеккендермен кездестім. Арнайы комиссия құрылды. Тұрғындар уақытша баспанамен қамтамасыз етіледі», - деп жазды облыс басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Петропавл қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық көмек жинау басталғанын хабарлады.

«Бүлінбейтін азық-түлік, тұрмыстық химия, таза киім-кешекті қалалық мәдениет үйіне әкеліп тапсыруға болады.

Мекенжайы: Петропавл қаласы, Сәтбаев көшесі, 37», - делінген хабарламада.

Пункт гуманитарлық көмекті сағат 9.00-ден кешкі сағат 20.00-ге дейін қабылдайды.

Естеріңізге салайық, кеше Петропавлдағы «Береке» ықшамауданында қамыс жанып, арты үлкен өртке ұласты. Салдарынан 40 адамды қауіпсіз жерге шығаруға тура келді.

Қатты жел жалынды ауыздықтауға мұрша бермей, 140-қа жуық маман өртті 3 сағат бойы сөндірді.

Өрт кезінде 9 баспана (екеуі бос тұрған), кәсіпорынның гаражы және 3 автобус түгі қалмай жанып кетті.

Қазір оқып жатыр

Алматы 265-орында: Қазақстанның үш қаласы әлемдік рейтингке енді

Алматы

Нақты дерек пен қауесет: Almaty Superski жобасына қарсы шыққан «экобелсенділердің» уәжі неге сенімсіздік тудырады?

Almaty Superski бойынша өткен баспасөз мәслихаты

КҚК-ға жасалған шабуылдардың салдары Қазақстан экономикасына қалай әсер етті?

КТК

Акция анда-мында. ERG НЕГЕ 1,7 триллион теңгеге бағаланды?

ERG