USD
USD
USD

Петропавлда төтенше жағдай жарияланды

Петропавл қаласында техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Петропавлда төтенше жағдай жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын. Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Ә.Б. Әубәкіров техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жою бойынша басшы болып тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын», - делінген «Ашық» НҚА порталында жарияланған әкімдіктің шешім-жобасында.

Мәлім болғандай, бұл шешім 7 мамырда болған өрт салдарын жою мақсатында қабылданған.

«Петропавл қаласында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы» шешім 2023 жылғы 7 мамырдағы өрттен зардап шеккен тұрғындарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, өрт салдарын жою мақсатында қабылданады. Негізгі міндет - мүлікті бағалау, өрт салдарынан зардап шеккен тұрғындарға материалдық залалды өтеу және тұрғын үй беру», - делінген шешімге қосымша берілген түсіндірмеде.

Еске салайық, 7 мамыр күні Петропавлда бірнеше өрт болды. Тілсіз жау салдарынан қалада 9 үй, 3 автобус және кәсіпорын гаражы өртеніп кетті.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе