USD
USD
USD

Петропавлда терезеден баласын лақтырмақ болған ер адам қара жұмысқа жегіледі

Петропавл қалалық сотында отбасылық жанжал кезінде жаңа туған сәбиін терезеден лақтырмақ болған ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Петропавлда терезеден баласын лақтырмақ болған ер адам қара жұмысқа жегіледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сотта 20 қыркүйекте сағат 17.00 шамасында сотталушы Ш. өз үйінде мас күйінде болғаны, бесінші қабаттағы пәтер терезесінен жаңа туған нәрестені лақтыратынын айтып қорқытқаны анықталды. Оған ер адамның бірге тұрып жатқан әйелмен арадағы жанжал себеп болған. Оқиға орнына полиция, құтқарушылар жетіп, нәрестені терезеден лақытармын деп қорқытқан Ш-ның әрекетінің алдын алды. 

Прокурор сотталушыға 120 сағат қоғамдық жұмысқа жегу түрінде жаза сұрады.

Сотталушы өз кінәсін мойындап, істеген ісіне өкініш білдірді. 

"Петропавл қалалық соты Ш.-ға ҚР ҚК 115-бабының санкциясы бойынша ең жоғарғы жазаны белгіледі. Ер адам 120 сағат қоғамдық жұмысқа тартылады. Сондай-ақ зардап шеккендер қорына 5 АЕК мөлшерінде өтемақы өндіріліп алынды", – делінген сот қаулысында.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты