USD
USD
USD

Петропавлда «шырша сатамын» деп алдаған алаяқтар ұсталды

Петропавлда шырша саудасы қызғанын алаяқтар да пайдаланып жатыр, - деп хабарлады "КТК".

Петропавлда «шырша сатамын» деп алдаған алаяқтар ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Петропавлда қазір көше қиылыстарының өзі шырша базарына айналған. Саудагерлер тауары мерекеге дейін сатылып кететініне сенімді. Жайқалып өскен қылқан жапырақтың бағасы 100 мың теңге төңірегінде. Бірақ халық бағасына қарап жатқан жоқ.

Сұраныс көптігін алаяқтар да ұтымды пайдаланып жатыр. Мәселен, Петропавлда ғаламтор арқылы шын мәнінде жоқ шыршаны сатпақ болған төрт оқиға тіркелді. Тәртіп сақшылары жаңа жылдық қарбаласта қырағы болуды ескертеді.

"Егер ғаламтор арқылы сауда жасағысы келсе, кез келген адам видео қоңырау арқылы хабарласқаны жөн. Шынымен де, ол тауар бар ма, кім сатып тұрғанына көз жеткізу керек. Егер ол алаяқ болса, тікелей баланысқа шықпайтыны айдан анық. Осылайша алданып қалмауға болады", - деді СҚО ПД аға жедел уәкілі Виталий Подчернин.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар