USD
USD
USD

Петропавлда прокурор пара алды деген күдікке ілінді

 Солтүстік Қазақстан облысында сезіктіден жазасын жеңілдету үшін пара алды деген мемлекеттік айыптаушы күдікке іліктіі.

Петропавлда прокурор пара алды деген күдікке ілінді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Петропавл қалалық прокуратурасының бөлім бастығы Дәурен Сағындықов алаяқтық жасап, ақша бопсалағаны үшін түрмеге түскен Никитиннен істі оңтайлы шешіп беремін деп қомақты қаражат талап еткен. Прокурордың бұл ісі тәртіптік комиссияның отырысында қаралып, ол әдеп кодексін бұзуына байланысты жұмысынан босатылды. Ал Никитин осы күнге дейін екеу арасында болған әңгімені жазып алып, оны әлеуметтік желілелерде жариялап отырған.

Әбу-Әли Саттар, СҚО прокурорының бірінші орынбасары:

- Никитин пара берді деген айыптан, мынау біздің қызметкерге пара алу деген айыптан іс қозғалып, қазір тергеу жүріп жатыр. Тергеу барысында кімнің кінәлі екенін, қандай мән-жайлар бар екені анықталып, оған заңды шешім қабылданатын болады. Сағындықовты біз процессуалды емес байланыс бойынша ол мемлекеттік айыпталушы бола сотталып жатқан азаматпен бірге жүріп, сөйлесіп, сол факті бойынша біз оны жұмыстан босаттық. Және де мынау «Младшый советник юстициий» деген шенінен айырылатын болады.

Қазір оқып жатыр

«Соңғы нәтиже сын көтермейді»: Скотт Манн ұлттық құраманың ойынына қатысты үн қатты

Скотт Манн мен Джон ван ’т Схип/kff.kz

Қарашадағы жиналыс. «Алтыналмас» НЕГЕ дайындалып жатыр?

Almas

Отбасы банк қарызды өтеу үшін несие беруді уақытша тоқтатты

Отбасы банк

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы 4 жылға сотталды

Қадырбек Атамбаев