USD
USD
USD

Петропавлда көрші елден заңсыз келген кішкентай балалар табылды

18 сәуір СҚО полиция департаменті ҚР ҰҚК СҚО бойынша департаментімен бірлесіп жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Петропавл қаласында 7 пәтерді тексерді. Онда Орталық Азия мемлекеттерінің бірінен келген 5 жастан 15 жасқа дейінгі балалар анықталды.

Петропавлда көрші елден заңсыз келген кішкентай балалар табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Балалардың ҚР аумағында заңды түрде болуын растайтын құжаттар болмады. Тұрғын үй-жай беру жолымен заңсыз көші-қонды ұйымдастыру, сондай-ақ шетелдіктерге ҚР аумағына заңсыз кіру, шығу, ел аумағында жүріп-тұру үшін өзге де қызметтер көрсету белгілері болуына байланысты, аталған факті 19 сәуірде ПБ ҚР ҚК 394-бабының 2-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазір жедел-тергеу тобы құрылды, тергеу әрекеттері, анықталған тұлғалардан, оның ішінде кәмелетке толмағандардан да жауап алу жүргізілуде, қажетті сараптамалар тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

Алматы 265-орында: Қазақстанның үш қаласы әлемдік рейтингке енді

Алматы

Нақты дерек пен қауесет: Almaty Superski жобасына қарсы шыққан «экобелсенділердің» уәжі неге сенімсіздік тудырады?

Almaty Superski бойынша өткен баспасөз мәслихаты

КҚК-ға жасалған шабуылдардың салдары Қазақстан экономикасына қалай әсер етті?

КТК

Акция анда-мында. ERG НЕГЕ 1,7 триллион теңгеге бағаланды?

ERG