USD
USD
USD

Петропавлда қару тапсыру акциясы басталды

Қару мен оқ-дәрі және жарылғыш заттарды тапсыру іс-шарасын ұтымды пайдаланған азаматтар жауапкершілікке тартылмайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Петропавлда қару тапсыру акциясы басталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Керісінше тиісті өтемақысын алады. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысының азаматы 300 мың теңгеге төрт бірдей аңшы мылтығын тапсырды. Оның айтуынша, қаруды жаңа сатып алған үйдің жертөлесінен тауып алған. Жалпы өткен жылы өңір тұрғындары осы шара аясында полицияға 109 қару мен 700 дана оқ-дәрі тапсырған. Төлем 6 миллион теңгеден асты. Айта кетейік, биыл акция онлайн өтіп жатыр. Қалалық ПБ бөлімінің инспекторы Әлішер Жармағамбетов: "Шектеулік карантиндік шараларға байланысты қару тапсыру үшін ішкі істер органдарына келудің қажеті жоқ. 102 пультіне хабарласып, тапқан жерді азамат айтса, сол жерге қару айналым бақылау бөлімі қызметкерлері өтіп, сол жерден қабылдап алады. Бұл шаралар азаматтарды азаматтардың контактіларын азайту және өзінің денсаулығына зиян келтірмеуіне бағытталған" деді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қорғаныс министрлігін тексеретін арнайы комиссия құрды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Бурабайда шетелдік ғалымдар Өр Алтайдың түркі өркениетіндегі тарихи рөлін талқылады

.

Тимур Турлов FIDE президенті болып сайланды

Тимур

Мемлекет экс-әкіммен байланысты қоқыс полигонын қайтарып алды

Бағдат Қарасаев