USD
USD
USD

Петропавлда босанған әйел коронавирустан көз жұмды

Әйел босанғаннан соң он күннен кейін көз жұмған. Денсаулық жағдайына байланысты дәрігерлер оны ерте босандыруға мәжбүр болды.

Петропавлда босанған әйел коронавирустан көз жұмды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Петропавлда 32 жастағы босанған әйел коронавирустан көз жұмды. Оның өкпесінің көп бөлігі қабынғаны анықталды, деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Әйел босанғаннан кейін он күннен соң көз жұмған. Денсаулық жағдайына байланысты дәрігерлер оны ерте босандыруға мәжбүр болған. Әйелдің өліміне қатысты тиісті сараптама тағайындалды.

«Оның көз жұмуына жүктіліктің 31-аптасында коронавирустық инфекциядан туындаған пневмонияға шалдығуы себеп болды. Өкпесінің көп бөлігі қабынғандықтан көрсетілген медициналық көмекке қарамастан босанған кейін оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады»,– деді басқармадағылар.

Дәрігерлер әйелдің вакцина алмағынын атап өтті.

Баланың денсаулығы жақсы, одан коронавирус анықталмады. Сәби ауруханада, дәрігерлердің бақылауына алынды.

Жыл басынан бері облыста 646 жүкті әйел індет жұқтырған. Олардың 203-інде сырқат ағымы ауыр өтті, 58-і жасанды желдету аппаратына қосылды. Ал 38 әйел медициналық көрсетілім бойынша уақытынан ерте босандырылды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе

Бірі өсті, бірі шегінді. Қазақстанның сегіз банкі НЕГЕ активінен айырылды?

bank