USD
USD
USD

Петропавлда бірнеше ықшамаудан бір тәуліктен бері сусыз отыр

Петропавлда "Қызылжар су" ЖШС мамандары бір тәуліктен аса уақыттан бері су құбырын жөндеп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Петропавлда бірнеше ықшамаудан бір тәуліктен бері сусыз отыр
Фото: NEGE.kz

Петропавл, NEGE. Қаланың Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық бөлімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, су құбырын толық тексеру кезінде қосымша істелуі керек жұмыстар бар екені анықталды. Зақымдалған жерді жөндеу үшін көбірек уақыт қажет болды. Бұған дейін, сумен қамту 03:00-ге дейін қалпына келтіріледі деп жоспарланған болатын.

"Су жақын арада беріледі. 35 адам мен 17 техника жұмыс істеп жатыр", - деді баспасөз қызметі.

Оңтүстік-шығыстағы диаметрі 800 мм су құбырының зақымдалғаны 28 қаңтар күні таңертең белгілі болды. Жұмысшылар ауылы, "Береке" ықшамауданы мен вокзал маңындағы үйлер сусыз отыр.

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті