USD
USD
USD

Петропавлда балабақша қызметкерінен туберкулез анықталды

Петропавлдағы балабақшалардың бірінде туберкулез анықталды, деп хабарлады Петропавловск.news.

Петропавлда балабақша қызметкерінен туберкулез анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Петропавл қаласындағы «Балдәурен» балабақшасының қызметкерінен туберкулез ауруы анықталғаны туралы ақпарат түсті. Қызметтік тексеру жүргізу үшін жұмыс комиссиясы құрылды, оның құрамына денсаулық сақтау және білім беру саласының қызметкерлері кірді», - деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасынан.

Бұл жағдай жыл сайынғы профилактикалық медициналық тексеріс кезінде анықталды. Балабақша қызметкері уақытша еңбекке жарамсыздық парағы негізінде жұмыстан шығарылды.

«Дүйсенбіден бастап біз барлық қызметкерлерді, техникалық қызметкерлерді де, оқытушыларды да тексере бастаймыз. Қосымша ақпарат қызметтік тексеру нәтижелері бойынша берілетін болады. Бұл мәселе білім басқармасының бақылауында», - деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

«Өзекті мәселелерді талқылады»: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев, Путин

Ақтөбе облысында екі жүзге жуық адам уланып қалған мейрамхана заңсыз жұмыс істеген

мейрамхана

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

ЛРТ

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси