USD
USD
USD

Петропавлда азық-түлік дүкені өртенді

Петропавлда «Надгорье» азық-түлік дүкені өртенді, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Петропавлда азық-түлік дүкені өртенді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 қыркүйек, сағат 3.32 минут кеткенде өрт сөндіру қызметіне Петропавлдағы Потанин көшесі, 130 үйдің жанып жатқандығы жөнінде хабар түседі.

Өрт «Надгорье» азық-түлік дүкенінен шыққан екен. Оқиға орнына бірден 5 арнайы техника мен жеке құрамнан 19 маман жұмылдырылды. Нәтижесінде өрт толығымен бір сағат шамасында сөндірілді.

«Өрт 35 шаршы метр аумақты қамтыды. Дүкен ғимаратының шатыры және төбесі зақымданды. Зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша жалын электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шығуы мүмкін», - делінген баспасөз хабарламасында.

Қазір оқып жатыр

«Мен оларды танымаймын»: Петропавлдық блогер аза тұту күнінде билегені үшін қамауға алынды

Петропавл тұрғыны

Ресей Қазақстанға 1 млн рубльден артық қолма-қол ақша шығаруға тыйым салды

Рубль

Қазақстандық хирургтар алғаш рет роботтың көмегімен асқазанға күрделі операция жасады

Робот көмегімен ота жасау сәті

ENRC Ұлыбританияның қаржылық алаяқтыққа қарсы органымен бітімге келді

ENRC