USD
USD
USD

Петропавлда автокөлік жаяу жүргіншіні қағып кетті

12 қарашада Украинская көшесінде ВАЗ-21154 автокөлігінің жүргізушісі жолдың рұқсат етілмеген жерінен өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлады polisia.kz.

Петропавлда автокөлік жаяу жүргіншіні қағып кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 39 жастағы әйел дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жатқызылды.

Медициналық куәландыруға сәйкес ВАЗ-21154 жүргізушісі мас емес.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша жиналған материал қажетті процессуалдық әрекеттер жүргізу және тиісті шешім қабылдау үшін Петропавл қалалық полиция басқармасының әкімшілік полиция бөліміне жіберілді.

10 айда СҚО жолдарында 258 жол апаты тіркелді, салдарынан 42 адам қаза тауып, 365 адам жарақаттанды.

Қазір оқып жатыр

Конституциялық құндылықтардан жаңа этикаға дейін – Ерлан Қарин ішкі саясаттың негізгі бағыттарын айқындады

.

Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері бір жылда 13,5% азайған

Пәтер кілті

Қазақстандықтар Қытай, Үндістан және бірнеше елде QR-кодпен төлем жасау мүмкіндігіне ие болмақ

QR-код

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісі сотқа жетті

Санжар Боқаев