USD
USD
USD

Петропавлда анасы мен өгей әкесі 7 жасар қызды ұрып-соққан

Петропавлда жеті жасар қыздыанасы мен өгей әкесі соққыға жыққан, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Петропавлда анасы мен өгей әкесі 7 жасар қызды ұрып-соққан
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Облыстық полицияның мәліметінше, 2023 жылдың 23 қарашасы күні кешке Петропавлдағы орта мектептердің бірінің медицина қызметкері екінші сынып оқушысының денесінен ұрып-соғу белгілерін анықтап, полицияға хабарлаған.

«Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 107-бабының 1-бөлігі «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру» бойынша Петропавл қалалық ІІБ сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Қыз бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылды», - делінген хабарламада. 

Тергеу барысында 2-сынып оқушысының жарақатына оның 26 ​​жастағы анасы мен 33 жастағы өгей әкесі себеп болғаны анықталды.

Олар баланың тәртібі дұрыс болмағанын алға тартып, өз кінәларын жоққа шығармады. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бес елде QR-код арқылы төлем жасай алады

qr-төлем жүйесі

Binance криптобиржасына хакерлік шабуыл жасалды

СryptoCity

«Әр мәселенің артында нақты адам тұр»: сарапшы сапасыз бензин туралы

Decaf.

86 млн теңгелік автошеру: «ҚазТрансГаздың» бұрынғы басшысы Санжар Боқаевтың рөлі туралы айтты

Боқаев