USD
USD
USD

Петропавлда 5 автокөлік соқтығысты

 Петропавлда 5 автокөлік соқтығысты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавлда 5 автокөлік соқтығысты
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. Дүйсенбі күні Солтүстік Қазақстан облысында төрт жол-көлік оқиғасы орын алды. Олардың екеуі – таңертең Қызылжар ауданында тіркелген. Оқиға орны облыс орталығынан алыс емес.

Полицейлер құқық бұзушылықтар қолайсыз ауа райы жағдайында орын алғанын жоққа шығармайды, сондықтан қолайсыз ауа райы кезінде жүргізушілерді ерекше қырағылық пен сақтық танытуға шақырады.

«Жол нашар көрінген кезде өтіп бара жатқан көлікті басып озуға болмайды, жылдамдықты төмендету қажет. Ауа райын болжайтын мамандарға құлақ асып, алыс жолға шықпаған жөн, – деп атап өтті СҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Сәтпаев көшесіндегі жаяу жүргіншілер өткелінде Mercedes автокөлігі жаяу жүргіншіні соғып кетті. Зардап шеккен ер адам жедел жәрдеммен облыстық ауруханаға жеткізілді.

Тағы бір жол-көлік оқиғасы Әуезов көшесінде орын алды. 5 автокөлік, көше жарығының екі бағаны зақымданды. ISUZU ауыр жүк көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бағытта келе жатқан көлікпен соқтығысқаны анықталды, салдарынан бірнеше көлік соғылған. Медициналық куәландыру автокөлік жүргізушісінің сау болғанын көрсетті.
 

 

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті