USD
USD
USD

Петропавлда суға кеткен бала табылмай жатыр

Петропавлда Есіл өзеніне суға түсуге барып, батып кеткен 10 жасар бала табылмай жатыр.

Петропавл
Фото: ТЖД

Алматы, NEGE. Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының волонтері Алена Писаренконың айтуынша, 10 жасар бала 14 маусым күні сағат 15.00 шамасында Есіл өзенінің Зайсан шағын ауданы маңында суға батып кеткен. Бала достарымен шомылуға барған екен.

Іздестіру жұмыстары кешеден бері жүргізіліп жатыр.

«Барлық волонтерлерді, еріктілерді көмекке шақырамыз. Қайықтарыңызды ала келсеңіздер. Өздеріңізбен бірге резеңке етік, қол шам болғаны дұрыс, өйткені өзен жағасын шолып өту қажет», – деді Алена Писаренко.

СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, баланы іздеуге жеке құрамнан 13 адам – сүңгуірлер және 5 арнайы техника тартылған.

«Есіл өзенінде іздестіріп жатырмыз. Волонтерлер де, полиция да осы жерде. Әзірге нәтиже жоқ», – деп жауап берді ведомствоның баспасөз хатшысы Евгений Журавлев.

Қазір оқып жатыр

АҚШ келіссөздерден кейін Иранға қарсы санкцияларды алып тастады

санкция

Әлеуметтік желідегі алауыздық: Бас прокуратура ескерту жасады

желідегі алауыздық

Месси әлем чемпионаттары тарихында гол саны бойынша жаңа рекорд орнатты

Әлем чемпионаты

Әл-Фарабидегі жол апаты: Zeekr жүргізушісі 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Александр Пак