USD
USD
USD

Петропавлда шетел азаматы ескерткішпен суретке түскені үшін қамауға алынды

Петропавлда шетел азаматы Абай және Пушкин ескерткіштерімен суретке түскені үшін қамауға алынды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

П
Фото: видеодан скрин

Алматы, NEGE. Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 1 қаңтар күні қала тұрғындары үш жігіттің көшедегі әрекеттеріне шағымданып, полицияға жүгінген. Куәгерлердің айтуынша, жігіттер мәдениетсіздік танытып, дауыс көтеріп қана қоймай, бірі Абай мен Пушкиннің бес метрлік ескерткішіне шығып, суретке түскен.

"Петропавл ПБ жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторларының көмегімен үш жас жігіт ұсталды. Олардың үстінен қоғамдық орындарға мас күйінде шыққаны үшін хаттамалар толтырып, ұсақ бұзақылық фактілері бойынша да әкімшілік материал жиналды", – делінген полиция хабарламасында.

Ұсталған үш жігіттің Өзбекстан азаматтары екені анықталды. Олардың біреуіне қатысты іс сотқа жіберілді.

Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған сотында 26 жастағы Өзбекстан азаматына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сот шетелдікті “ұсақ бұзақылық” жасағаны үшін кінәлі деп танып, 5 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарды.

Қазір оқып жатыр

Жәрдемақы алу тәртібі өзгереді: енді отбасының қарызы да есепке алынады

Көпбалалы аналар

Қамаудан босатқан күдіктіні қайта ұстаған: заң не дейді?

Заң

Ақтөбеде жер қойнауын пайдаланушылар 1,2 млрд теңге салық төлемеген

Салық

Құрылтайда жаңа депутаттық топ құрылды: оны Дана Медеуова басқарады

Дана Медеуова