USD
USD
USD

Петропавлда мас еркек автобуста 12 жастағы оқушыны ұрып кетті

Петропавлда №2 бағытындағы қалалық автобуста мас адам оқушы қызға қол көтерді. 

адам
Фото: видеодан скрин

Алматы, NEGE. Қоғамдық көлікке мінген екі ер адам мас күйде басқа жолаушылардың мазасын алған.

Шығатын есіктің жанында отырған екі мектеп оқушысының бірі ер адамдарға ескерту жасаған. Біраз сөз таластырған соң ер адамдар автобустан түспек болғанда олардың бірі оқушы қыздың бетіне қолымен ұрып жіберген.

Жолаушылардың бірі олардың балағат сөз айтып, қызға қол көтергеніне ашуланып, полиция шақыратынын айтты.

Ал автобус жүргізушісі дереу автобустың есіктерін жауып, екеуінің шығуына мүмкіндік бермеген. Жолаушылар жедел жәрдем мен полиция шақырды.

“Ұрып-соқы деген күдікті ер адам дереу анықталып, ұсталып, полицияға жеткізілді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр”, – деп мәлімдеді Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті.

Қазір ер адам уақытша ұстау изоляторында қамауда.

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті