USD
USD
USD

Петропавлда қоғамдық тәртіпті қадағалау үшін дрондар пайдаланылуда

Петропавл қаласында қоғамдық орындардағы тәртіпті бақылау үшін жасанды интеллектпен жабдықталған дрондар іске қосылады.

Дрон
Фото: Ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бұл жоба Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының "Заң мен тәртіп" бастамасы аясында жүзеге асырылуда.
Облыстық прокуратура өкілдерінің мәліметінше, жаңа жүйе қоғамдық қауіпсіздікті нақты уақыт режимінде тиімді бақылауға мүмкіндік береді. Қалалық прокуратураның прокуроры Кенесары Мұхамеджановтың айтуынша, дрондар жол қозғалысы ережелерінің бұзылуы, бұзақылық әрекеттер, қоғамдық орындарды ластау, алкоголь өнімдерін ішу секілді құқық бұзушылықтарды аз уақыт ішінде анықтай алады.

Бұндай технологияны қолдану құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық тәртіпті нығайтуға және құқық қорғау органдарының жұмысын жеңілдетуге бағытталған. Жаңа жоба Петропавл тұрғындарының қауіпсіздігін арттыруға және қаладағы тәртіпті күшейтуге септігін тигізеді деп күтілуде.

Қазір оқып жатыр

«Әр мәселенің артында нақты адам тұр»: сарапшы сапасыз бензин туралы

Decaf.

86 млн теңгелік автошеру: «ҚазТрансГаздың» бұрынғы басшысы Санжар Боқаевтың рөлі туралы айтты

Боқаев

Қорғаныс министрі әскери қызметте қаза тапқан сарбаздардың туыстарымен кездесті

Gov

Бурабайда орманды қоршаған құрылысшылардың рұқсат құжаты жоқ болып шықты

Бурабай