USD
USD
USD

Петропавлда әйелін ұрған тұрғын 25 тәулікке қамалды

Петропавл тұрғыны әйелін ұрғаны үшін берілген 25 тәуліктік әкімшілік қамауға алынған еді. Жақында ер адам еркіндікке шықты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. 37 жастағы Петропавл тұрғыны әйелін ұрғаны үшін тағайындалған 25 тәуліктік әкімшілік қамақтан шықты.

Бірде таңертең үйінің ауласында мас күйде жүрген ер адам арада туындаған келіспеушіліктерге байланысты әйелінің басынан, қолынан және аяғынан ұра бастаған. Бұл әрекетін шуды естіген көрші әйел жүгіріп шыққанда тоқтатқан. Жәбірленуші әйелі бірден полицияға жүгінді. Сараптама оның денсаулығына зиян келтірілмегенін көрсеткенімен, ер адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Осы жылдың маусым айынан бастап ұрып-соғу әкімшілік заңнамадан қылмыстық заңнамаға ауыстырылды. Бұл құқық бұзушылық үшін 80 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салудан бастап 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу жазасы көзделген.

Аталмыш ер адамның маскүнемдікке бейім екендігі анықталды, соның салдарынан отбасында жанжалдар мен кикілжіңдер жиі болып тұрған, бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Қазан айында сот шешімімен оған 25 тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалды және мінез-құлқына, тәртібіне ерекше талаптар қойылды. Нақтырақ айтқанда, оның алкогольдік ішімдіктер ішуіне тыйым салынды.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Құрманғали Ысмағұлов атап өткендей, ұрып-соғу және денсаулыққа жеңіл зиян келтіру сияқты құқық бұзушылықтар құрамын қылмыстық заңнамаға ауыстырған сәттен бастап СҚО-да осы тармақтар бойынша 395 қылмыстық іс қозғалды, оның 49-ы сотқа жіберілді. 

Қазір оқып жатыр

Перуашевке қатысты ақпараттық шабуыл: ІІМ қылмыстық іс қозғады

Қазақтелеком

Қазақстан-Қытай инвестициясы ел экономикасына қандай жаңа мүмкіндік береді?

Бауыржан Ысқақ

Храпуновтар Швейцарияда «толық ақталғанын» мәлімдеді. Алайда іс ескіру мерзіміне байланысты жабылған

Виктор Храпунов, Лейла Храпунова

Шымкентте күйеуін өлтірді деген күдікпен әйел адам қамауға алынды

Полиция