USD
USD
USD

Петропавлда 94 жастағы зейнеткер әйелін соққыға жығып, үйін жарып жіберген

Петропавлда 95 жастағы зейнеткер әйелімен жанжалдасып, өзін газ баллонымен жарып жіберген, деп хабарлайды Astanatv.

Қртенген үй
Фото: Astanatv

Алматы, NEGE.  Оқиға 22 мамыр күні болған. Жедел жеткен екі өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары үйден 4 газ баллонын алып шықты. Полиция аталмыш жағдай бойынша тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Көршілердің айтуынша, бұл әрекетке қария мен әйелі арасындағы жанжал себеп болуы мүмкін. Төтенше жағдайға дейін әйелі қатты соққыға жығылған көрінеді. 

Жарылыстың алдында зейнеткердің әйелі көршісінен көмек сұраған. 

«Галя, тез өрт сөндірушілерді шақыр, қазір үй жарылады. Шал мені ұрып тастады, баллондарды айналдыра қойып қойды, қолында балта бар деді. Мен дереу қоңырау шала бастадым. Шұлығымен ғана шығып кетіпті, үсті-басы қан, аяқ-қолынан соққы алғаны көрініп тұрды. Ол маған, 69 жылдан бері күйеуінен таяқ жеп келе жатқанын айтты», - дейді зейнеткердің көршісі.

Сосын оқиға орнына полиция мен екі жедел жәрдем көлігі жеткен. Тәртіп сақшылары үйге кіріп, зейнеткерді залалсыздандыруға әрекеттенеді. Бірақ қария ешкімге мән берместен сіріңке тұтатып, жарылыс болған. 94 жастағы қария аман қалды. Алайда қатты күйік шалып, ауруханаға түскен. 

Өрт сөндірушілер келгенде үй толығымен өртеніп жатқан, көрші үйдің қаптамасы жанып үлгерген. Оқиға орнында Петропавлдың екі бөлімшесінің өрт сөндірушілері жұмыс істеді.

«Біз келген кезде үй толығымен отқа оранды, көрші үйдің сырты да өртене бастады. Зейнеткер терезеден шыққан болуы мүмкін», - деді ТЖД өкілі.

94 жастағы зейнеткердің денесінің 35-40 пайызын термиялық күйік шалған. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалады. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстан ТүркПА-ға үлгілік Цифрлық кодексті қабылдауды ұсынды

Құрылтай

«ҚазМұнайГаз» «Өзенмұнайгаз» басшыларының ұсталғанын жоққа шығарды

Өзенмұнайгаз

Диас Кенжебек пара жүзуден Азия рекордын жаңартып, алтын медаль жеңіп алды

Диас Кенжебек

«Экспресс Займ» қаржы ұйымы 43 мың адамды алдаған: директордың орынбасары үйқамаққа алынды

Күдіктілер