USD
USD
USD

Петропавлда 17 жастағы бозбаланы жүк көлігі қағып кетті

Түрлі дене жарақатын алған жасөспірім жедел жәрдем көлігімен емдеу мекемесіне жеткізіліп, жатқызылды, деп жазды sn.kz.

адам
Фото: inbusiness.kz

Алматы, NEGE. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Петропавлдағы Жамбыл және Челюскин көшелерінің қиылысында болған.

«ЗИЛ КО-510» жүк көлігінің 49 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан облыс орталығының 17 жастағы тұрғынын қағып кетті.

Түрлі дене жарақатын алған жасөспірім жедел жәрдем көлігімен емдеу мекемесіне жеткізіліп, жатқызылды.

Автокөлік мамандандырылған айып тұрағына қойылды. Жүргізуші медициналық куәландыруға жіберілді, алдын ала мәлімет бойынша - мас емес.

Абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруге әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жасөспірім облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылды, жағдайы ауыр.

Қазір оқып жатыр

NEGE-нің атын жамылған жалған Telegram-арна пайда болды: редакцияның ресми мәлімдемесі

Nege

«Мен оларды танымаймын»: Петропавлдық блогер аза тұту күнінде билегені үшін қамауға алынды

Петропавл тұрғыны

Ресей Қазақстанға 1 млн рубльден артық қолма-қол ақша шығаруға тыйым салды

Рубль

Қазақстандық хирургтар алғаш рет роботтың көмегімен асқазанға күрделі операция жасады

Робот көмегімен ота жасау сәті