USD
USD
USD

Петропавл тұрғындары жылусыз отыр

Петропавлдағы жылу магистралінің ақауынан 16 көпқабатты, 42 жер үй әлі жылусыз отыр, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Петропавл тұрғындары жылусыз отыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. №15 жылу магистраліндегі технологиялық ақау салдарынан Қизатов, Заречная, Жеңіс, Жуков көшелеріндегі 16 көпқабатты үй мен Қизатов, Кірпішті, Заречная, Жеңіс, Жуков көшелеріндегі 42 жер үй жылусыз қалып отыр.

Қаланы жылумен қамтуға жауапты «Севказэнерго» акционерлік қоғамының баспасөз қызметі арнайы бригада таңғы сағат 10.00-ден бастап жұмыс істеп жатқанын мәлім етті.

«Мамандар құбырларды ауыстыруға кірісті. Жылу желісі компаниясының жұмысшылары жедел әрекет етіп жатыр. Бұл үйлерді қайта жылуға жалғау қиындық туғызбауы қажет», - деп жазылған баспасөз қызметінің мәліметінде.

«Севказэнерго» ондаған үй жылусыз қалса да, оқиғаны штаттағы жағдай деп бағалап отыр.

Қазір оқып жатыр

Hyundai өрт шығуы мүмкін деген қауіппен 95 мыңға жуық Genesis көлігін кері қайтаруда

автокөлік

Қатардан – инвестиция, Каспийге – қорған, экология: Тоқаев халықаралық кездесулерде не айтты?

Қасым-Жомарт Тоқаев

Ақтөбе облысындағы шахтада тау жынысы опырылып, үңгуші қаза тапты

Жұмысшы қазасы

Шымкентте бір үйдің екі баласы көз жұмды: полиция өлімнің алдын ала себебін айтты

Полиция көлігі