USD
USD
USD

Петропавл қаласының аты ауыстырылмайды

Петропавл қаласының аты ауыстырылмайды. Әлеуметтік желіде қызу талқыланған мәселеге қатысты теріскейдегі шаһар әкімі жауап берді.

Петропавл қаласының аты ауыстырылмайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Соңғы күндері әлеуметтік желіде Солтүстік Қазақстан облысының орталығын «Қызылжар» деп өзгерту туралы ұсыныс қызу талқыланып жатыр. Тіпті  арнайы петиция пайда болған. Онда елдің солтүстігіндегі екі қаланың атын өзгертуді ұсыныпты: Петропавлды – Қызылжар, ал Павлодарды Ертіс қаласы деп атауды сұраған. Бірнеше күннің ішінде сауалнамаға 40 мыңнан астам адам қатысып дауыс берген. Олардың басым көпшілігі қала атауын өзгертуді  қолдап отыр. 

 Асқар Хабибуллин, Петропавл қаласы әкімінің орынбасары:

– Бұл петицияға қала әкімдігінің еш қатысы жоқ. Бұл жеке адамның жазған өтініші және оны мемлекеттік органға қатысы жоқ жеке сайтта жарияланған. Қазір қала атауын ауыстыру туралы мәселе күн тәртібінде жоқ. Егер алдағы уақытта бұл мәселе тағы шығатын болса, онда ол Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қаралады.

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер