USD
USD
USD

Петропавл қаласының атауы өзгере ме?

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Петропавл қаласының атауын өзгерту мәселесі туралы пікір білдірді.

Петропавл қаласының атауы өзгере ме?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде әкім Құмар Ақсақаловқа БАҚ өкілдері облыс орталығының атауын Қызылжар деп өзгерту мүмкіндігі туралы сұрақ қойды.

«Әзірше бұл мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ. Бұған дейін де мұндай сұрақтарға жауап берген болатынмын»,- деген өңір басшысы өңірдегі елді мекендер мен көшелерді қайта атау туралы пайымын айтты.

«Бұл жұмыстар бұған дейін атқарылып келді, жалғаса береді. Кейінгі жылдары біз 400 мың нысанды қайта атадық. Бұл жұмыс жалғасады, өйткені моральдік тұрғыда ескірген, ешқандай идеологиялық салмағы жоқ ескі атаулар бар», - деді облыс әкімі.

Сондай-ақ ол бұл бағыттағы жұмыстар толығымен заңға сай екенін еске салды.

«Бұл жерде ешқандай кілтипан жоқ. Бұл – тарихшылардың, өлкетанушылардың зерттеулеріне негізделген тарихи шындық. Қоғамдық тыңдау өтіп, бәрі заң аясында істеліп жатыр», - деді Құмар Ақсақалов.

Қазір оқып жатыр

Қырғызстандағы «Бішкек-Арена» стадионын салуға 386 млн доллар жұмсалған

стадион құны

Қызылордадағы шағын тоннажды мұнай өңдеу зауытында өрт шықты

мұнай өңдеу зауытындағы өрт

Әл-Фарабидегі жол апаты: Алматыда полиция экс-басшысы жүргізушісінің соты басталды

сот тыңдауы

Жұмыс күні аяқталғаннан кейін мұғалімдер ата-аналар чатындағы сұрақтарға жауап беруден бас тарта ала ма?

Атаналар чаты