Петропавл қаласында Ақмолалық азамат бойжеткенді 250 мың теңгеге сатып жіберген
Петропавл қаласында Ақмолалық азамат бойжеткенді 250 мың теңгеге сатып жіберген, деп хабарлайды ішкі істер министрлігі.
Алматы, NEGE. «Петропавл қаласында адам саудасымен айналысқан Ақмола облысының тумасы ұсталды. Аталған схема бойынша күдікті Қостанай қаласының 19 жастағы тұрғынын жалдап, оны одан әрі қаладағы сауналар мен қонақ үйлерде интимдік қызмекте пайдалану үшін 250 мың теңгеге сатқан», - делінген Ішкі істер министрлігінің хабарламасында.
Жедел-іздестіру шаралары кезінде күдіктінің интернет пен әлеуметтік желі арқылы материалдық жағдайы ауыр қыздарды, оның ішінде қолайсыз және толық емес отбасылардан шыққан кәмелетке толмағандарды іздеумен айналысқаны анықталды.
«Ақпаратқа сәйкес, ол әлгі қыздармен танысып, жұмыс табуға көмектесетінін айтып, Петропавл қаласына шақырып отырған. Қыздар қалаға келгеннен кейін оларға психологиялық қысым жасап, қорқытып және физикалық зорлық-зомбылық көрсетіп, жыныстық қанау мен саудаға пайдаланған»,- деп мәлімдеді ведомствовада.
Бұл факт сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 128-бабы 1-бөлігі бойныша тіркелді.
Қазір оқып жатыр
Шайға адал, кофеге құмар: қазақстандықтардың таңдауы қалай өзгеріп жатыр?
Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды
30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді
«Van Cleef алқасын, Dior сөмкесін пара ретінде алған»: Кореяның экс-бірінші ханымы тағы 7 жыл арқалады